Балалар — әлемдегі

ең жақсы зерттеушілер

2024 жылдың 15 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы №3, №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен бірлесіп, арнайы білім беру ұйымдарының директорларына, директордың орынбасарларына, әдіскерлеріне, мамандарына «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың түзету-дамыту жұмысын ұйымдастыру және оның тиімділігі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинар барысында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне әдістемелік қолдау көрсетудегі оқу-әдістемелік орталықтың рөлі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметін ұйымдастыру және негізгі бағыттары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тиімді жұмысының негізі ретінде арнайы педагогтердің өзара іс-әрекеті және тиімділігі бойынша мәселелер қаралды.
Түзету кабинеттерінің мамандары өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, семинар қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды.

☀️Қайырлы күн құрметті әріптестер мен ата-аналар!
📆01.03.2024 жылы педагог-психолог А.С.Рахимбекова педагогтер арасында жемқорлықтың алдын-алу жұмыстары бойынша «Міндетте емес, достықта» атты театрлық жұмыс жүргізді.
♻️Мақсаты: педагогтердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын кеңейту.

🌷«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында «Білім» атты білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік ұйымы @lp_bilim әріптестеріміз Рахимбекова Арайлым Садубаевна, Буламбаева Арайлым Маратовна, Хайдарова Индира Бауыржанқызын «8 Наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне көп жылғы қажырлы еңбегіңіз, жауапкершілігіңіз бен даралығыңыз, жан дүниеңіздің жомарттығы мен жұмысқа деген адалдығыңыз, ізгі ниетіңізбен қажет болуға ұмтылғаныңыз ушін шын жүректен алғысымызды білдіреміз» АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапаттады.📜
👩🏻‍🏫Әріптестер көктемнің ең шуақты мерекесі құтты болсын!💐💐💐
✨️Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Сіздерге зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!💐

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша Мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен Қарағанды облысының 2023-2024 оқу жылына арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында кабинетіміздің педагогтері ата-аналар мен балаларға арнап Амал мерекесі — Көрісу күнінде мерекелік іс-шара өткізді.🫂
⚜️Тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»🌷🌷🌷
⚜️Мақсаты: Балалар мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу.
⚜️Міндеттері:
🌷Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту, ата-аналар мен балалардың мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.
🌷Көрініс қою, ұлттық би, ойын ойнату барысында балалардың ой-өрісін, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
🌷Балаларды елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрлерді құрметтеуге, ұлттық киімдерді, мерекелерді қадірлеуге тәрбиелеу.
⚜️Әдіс-тәсілдері: көрініс қою, жарыс, ұлттық би, күй, ұлттық ойындар.
⚜️ Көрнекіліктер: Наурызға арнап ұлттық үлгіде безендіру, ұлттық аспаптар, ұлттық тағамдар, ұлттық нақыштағы киімдер, киіз үй, дастархан.
⚜️Іс-шара үстінде жүргізілген жұмыстар: ұлттық рәсімдер, ұлттық би «Қара жорға», күй, «Шашу», «Тұсаукесер», ұлттық ойындар «Арқан тарту», «Ханталапай», «Асық ату», Қыдыр Атадан «Бата».🤲

⚜️ Наурыз мейрамы қарсаңында «Білім» атты білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік ұйымы @lp_bilim әріптесіміз Жакубекова Гульнора Каримовнаны «Білім» атты білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қоғамдық жұмысына белсене қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапаттады және кәсіподақ мүшелерін Наурыз мейрамымен құттықтап, тәтті шәй ішіп жүруге сыйлық пен «Киіз үй» тәттісін тарту етті.⚜️🧁
⚜️Әріптестерімізді алғыс хатымен және Наурыз мейрамымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!💐💐💐

✨Құрметті әріптестер және ата-аналар!
🗓️28 наурыз күні педагог-психолог А.С.Рахимбекова ата-аналармен “Аутизмі бар балаларда кездесетін сенсорлық бұзылыстар” атты тақырыпта тақырыптық курс өткізді.
🧩Мақсаты: ата-аналарға балалардағы сенсорлық бұзылыстар жайында ақпарат беру және арнайы практикалық құралдармен таныстыру.

2024 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. ППТК жылдық жоспарын іске асыру;
2. 130 бұйрыққа сәйкес “Басқару және бақылауды” жоспарлау.
3. ППТК қызметі туралы ережені әзірлеу.

Әр мәселенің орындалуы бойынша Қарар қабылданды

“Сарыарқа дарыны” балаларға арналған қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес, ҚОББ «№3 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ балалары “Біздің таланттар” республикалық музыкалық-шығармашылық байқауына қатысты. Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылып, Маргаскин Матвей «Бармағынан бал тамған» номинациясы бойынша жүлделі І орынды, Саврасов Ярослав «Бармағынан бал тамған» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Балаларды байқауға дайындаған жетекші мұғалім-дефектолог Хайдарова Индира Бауыржанқызы.

Қайырлы күн құрметті әріптестер және ата-аналар!
2024 жылдың 24 мамыр күні педагог-психолог А.С.Рахимбекова ата-аналармен бірге “Сенімділік- баламен қарым- қатынасты ынтымақтастыру” атты тақырыпта психологиялық тренинг жүргізді.
Мақсаты: бала тәрбиесі мәселелерінде ата-ана құзыреттілігін арттыру, ата-ананың қамқорлығының маңыздылығы мен парасаттылығын түсіну, балалармен қарым-қатынасты жақсартуға мотивация қалыптастыру, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынаста бірлік сезімін өзектендіру.

2024 жылдың 30 мамыры күні 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Балаларға керемет мерекелік көңіл-күй сыйлап, қайырымдылық шарасын өткізген Таласова Гүлжанат Ғаниқызы бастаған @babyshow__krg ұжымына және балаларға сыйлықтар сыйлаған Арай есімді спонсорымызға ерекше алғысымызды білдіреміз! Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.

☀️Қайырлы күн құрметті әріптестер және ата-аналар!
👩🏻‍🏫Педагог-психолог А.С. Рахимбекова «Байланыс құралдарын қолданудың алғашқы сатылары» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
🔆Мақсаты: байланыс пен өзара әрекеттесудің қол жетімді түрлерін дамыту, баланың бейімделу мінез- құлқымен әлеуметтенуін қамтамасыз ететін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

☀️Қайырлы күн құрметті ата-аналар мен әріптестер!
👩🏻‍🏫Сіздердің назарларыңызға мұғалім-логопед Садвокасова А.А. білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру мақсатында жоспарға сай «Жол қауіпсіздік ережесін сақтау» атты тақырыптық сабақты ұсынады.
🚦Мақсаты: Жол қозғалысының қарапайым ережелерін,
жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін сақтау.
🛣️Міндеттері:
🔴Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
🟡Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру.
🟢Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

🗓️Қыркүйектің 26-сы күні ҚОББ «№3 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес педагогикалық әдептен «Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама оқылып, әріптестер арасында талқыланды.
🔰Мақсаты:
♻️мұғалімнің кәсіптік сапасы мен кәсіптік ерекшелігіндегі педагогикалық әдеп ұғымдарын айқындау;
♻️педагогикалық дағдыларды жетілдіру;
♻️болашақ мұғалімнің педагогтік шеберлігінің ерекшеліктерін қалыптастыру;
♻️оқу жоспарында және оқыту әдістемесінде жаңа инновациялық әдістерді қолдануға дағдыландыру.
🔰Педагогтер талқылауға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.

👩🏻‍🏫📚Ұстаздар мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының білім басқармасының АЛҒЫС хатымен Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін, мекемеміздің директоры Салтанат Ахмедиевна Жумабекова марапатталды.
📜ҚОББ «№3 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ басшылығы Хайдарова Индира Бауыржанқызын «Ұстаздар күнімен» құттықтап, білім беру саласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға тәрбие мен білім беруде қосқан зор үлесі үшін мадақтама қағазымен және мекемеміздің бухгалтері Жакубекова Гульнора Каримовнаны «Бухгалтер күнімен» құттықтап, кәсіби міндеттерін жоғары дәрежеде орындағаны, бухгалтерлік есепті толық білгені және жұмыстағы жауапкершілігі үшін мадақтама қағазымен марапаттады.
🌷Және де мекемеміздің кәсіподақ төрағасы педагогтерді Ұстаздар күнімен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында іс-шара өткізді.
🌷Құрметті ұстаздар төл мерекеміз құтты болсын! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!💐💐💐

👨‍👩‍👧‍👦Ата-аналардың кабинетіміздің ұстаздарына арнаған құттықтаулары мен алғыстары!

👨‍👩‍👦‍👦С детьми порой бывает очень трудно,
Но вы так терпеливы и мудры.
С улыбкой начинаете вы утро,
И к детям нашим очень вы добры!

👨‍👩‍👧‍👧От родителей сейчас вам — поздравленья!
И в День учителя хотим мы пожелать
В работе радости и много вдохновенья,
Не нервничать совсем, не унывать!💐💐💐

🎨Республика көлемінде балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған «Zeyindi_bala» балалар журналы ұйымдастырған балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуеттерін дамытуға арналған «Бояулар құпиясы» атты байқауында өз шығармашылық қабілетін шыңдап, ерекше өнерін көрсеткен Қаршығаұлы Хақназар, Серікбол Жанат, Шарипова Разалина, Қадырова Феруза, Асланқызы Айсана, Каменский Владислав, Ержан Диас Хуршидұлы, Махмутов Нұрлыбек, Сайлау Айбек, Мейрам Ерасыл, Құмарбек Әлихан, Амантай Мансур, Тайлақ Шыңғыс бас жүлдені 🏆, Нұрланқызы Аружан 1 дәрежелі🥇 дипломды иеленді.
👩🏻‍🏫Жетекшілері: С.А. Жумабекова, М.О.Акилова, М.А.Сарбасова, А.С. Рахимбекова, А.А. Садвокасова және И.Б. Хайдарова алғыс хат, мадақтама, құрмет грамоталарымен 📜 марапатталды.
Құттықтаймыз.💐💐💐

🎨«БІЛІМ АЙНАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ БАСЫЛЫМЫНЫҢ РЕДАКЦИЯСЫ 514-бұйрық негізінде ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ЖАС СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ-МЕНІҢ АУЫЛЫМ» тақырыбында өткен конкурсына қатысып 1 ОРЫН алғаны және КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ атанғаны үшін Қаршығаұлы Хақназар, жетекшісі М.А.Сарбасова және Ержан Диас, жетекшісі И.Б.Хайдарова🥇I дәрежелі Дипломмен және мақтау қағазымен, Махмутов Нұрлыбек, жетекшісі А.С.Рахимбекова🥉III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз.💐💐💐

☀️ Қайырлы күн құрметті әріптестер және ата-аналар!
👩🏻‍🏫 Мұғалім-дефектолог И.Б. Хайдарова «Жемістер» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
🍏🍊 Мақсаты: баланың жемістер туралы түсініктерін дамыту.
🍐Түзете-білім беру:
Жемістерге сипаттама беруді үйрету, түсініктерін (түсі, пішіні, дәмі) арттыру.
🍐Түзете-дамыту:
Зейін, ойлау, қабылдау процесстерін және сөздік қорын, ұсақ қол моторикасын дамыту.
🍐Түзете-тәрбиелеушілік:
Жағымды қарым-қатынас орнатуға, ермексазбен жұмыс жасау кезінде тазалыққа баулу.

🎓Оқу-ағарту министрлігінің 514 бұйрығына сүйене Республикалық «USTAZ ENBEGI» ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен «Бояулар құпиясы — Алтын күз» байқауына қатысып 1 — орын🥇иеленгені үшін Қаршығаұлы Хақназар, жетекшісі М.А.Сарбасова Дипломмен марапатталды.
🎨«БІЛІМ АЙНАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ БАСЫЛЫМЫНЫҢ РЕДАКЦИЯСЫ 514-бұйрық негізінде ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ЖАС СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ-МЕНІҢ ОТАНЫМ» тақырыбында өткен конкурсына қатысып 1 ОРЫН АЛҒАНЫ ҮШІН
Ержан Диас, жетекшісі А.С.Рахимбекова 🥇I дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз.💐💐💐

✅Қайырлы күн, құрметті ата-аналар мен әріптестер!
⚜️18-22 қараша аралығында біздің кабинетте «Дефектолог апталығы» өте белсенді өтті.
«Сенсорлық интеграция элементтерін қолдана отырып, қолдың ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг өткізілді.
⚜️Мақсаты-үй жағдайында жасауға болатын сенсорлық интеграция элементтерімен ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар мен тапсырмаларды таныстыру.
⚜️Тренинг барысында ата-аналар балалармен бірге белсенді қатысып, тапсырмаларды бірге орындады. Көптеген пайдалы және танымдық ойындарды білді, сондай-ақ жағымды эмоциялар мен қуаныштарға бөленді.

✅Добрый день уважаемые родители и коллеги! С ⚜️18 ноября по 22 ноября 2024 года в нашем кабинете очень активно проходила «Неделя дефектолога». Был проведен тренинг для родителей на тему «Развитие мелкой моторики рук с использованием элементов сенсорной интеграции»
⚜️Цель: ознакомить с играми на развитие мелкой моторики с элементами сенсорной интеграции, которые можно проводить с детьми в домашних условиях.
⚜️В ходе тренинга родители активно принимали участие вместе с детьми, выполняли данные задания все вместе, и узнали полезных и и познавательных игр,а также получили положительные эмоций и радости

🌞Қайырлы күн, құрметті ата-аналар мен әріптестер!
«Дефектолог апталығы» апталығы аясында «Сенсорлық интеграция элементтерімен бірлескен ойындар» тақырыбында ата-аналарға тақырыптық курс өткізді.
Мақсаты: ата-аналарды үйде пайдалану үшін сенсорлық қабілеттерін дамытуға бағытталған ойындармен таныстыру.
Міндеттері:
— ата-аналарды «сенсорлық интеграция» ұғымымен таныстыру;
— баланың көру, есту, дәм сезу және тактильді қабылдауын дамытуға арналған ойындардың, жаттығулардың әртүрлі түрлерін көрсету;
— ата-аналарды үйде балалармен импровизацияланған заттармен айналысуға шақыру.

☀️Қайырлы күн құрметті ата-аналар мен әріптестер!
👩🏻‍🏫Әлеуметтік педагог М.А. Сарбасова «Күз. Серуендеуге арналған киімдер» атты ашық сабақ өткізді.
🍁🧥Сабақтың мақсаты: Күз мезгілімен және күзге арналған киімдермен таныстыру, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
🧥Түзету-білімділік: Сөзді түсінуге, бірлесіп қызмет жасауға, қайталауға,
берілген тапсырманы орындауға, ұқыптылық дағдыларын, киімдегі
тәртіпсіздікті байқай білуге және оны ересектердің көмегімен киюге
үйрету.
🧤Түзету-дамытушылық: Өз бетінше киіну, шешіну қабілетін жетілдіру,
қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
🧥🥾Түзету-тәрбиелік: Ұқыпты және жинақы болуға тәрбиелеу.
🌂Қолданылған көрнекіліктер: Тақырыпқа арналған күз, күзгі киімдердің суреттері, қағаз қуыршақ, жапсырма киімдер, сырма, жапсырма дидактикалық ойыны, күзге арналған киімдер, қолшатыр, жапырақтар.

☀️Қайырлы күн құрметті ата-аналар мен әріптестер!
🗓️17-20 желтоқсан аралығында кабинетімізде «Әлеуметтік педагог және тифлопедагог апталығы» өтті.
Балалармен «Үйде жасауға болатын сенсорлық интеграция жаттығулары» тақырыбында сабақтар өткізілді.
🔷Мақсаты: әртүрлі жаттығулар арқылы баланың сенсорлық жүйесін ынталандыру.
🔶Міндеттері:
🔹Баланың оң қолы мен оң жағын және сол қолы мен сол жағын ажыратуға жаттықтыру.
🔸Қатты және жұмсақ заттарды ажырата білуге ​​үйрету.
🔹Көру, тактильді, есту анализаторларын дамыту, қозғалысты үйлестіру.
🔸Танымдық қызығушылық пен сөйлеуді дамыту.
🔹Ерексектермен бірге жұмыс істеу қабілетін дамыту.
🔸Рефлексияны дамыту.

✨КГУ «Кабинет психолого-педагогической коррекции №3» УОКО провели веселое новогоднее мероприятие для детей с особыми образовательными потребностями вместе с героями коллектива «DA EVENT STUDIO» @anelyadil.🎅🏼🧑‍🎄☃️🎊
🎄Благодарим коллектив «DA EVENT STUDIO» в лице директора Ди Анеля которые уже не раз проводят с нашими детьми праздничные мероприятия!👏💐💐💐
🎄Выражаем огромную благодарность за подарки нашим спонсорам директору «Современный многопрофильный колледж» Карипове Айдане Советбековне @krg.smk_college.krg за мягкие игрушки🧸🎊🎁и врачу-стоматологу ИП Абидов «DECOLORES» Абидову Аслану Османовичу
@de_colores_krg за сладкие новогодние кульки🍫🍭🍬🎊 и развивающие игрушки для кабинетов 🪆 и старшему преподавателю кафедры Административно-правовых дисциплин, подполковнику полиции Беккожиной Айгерим Амангельдиевне с курсантами 4-го курса @karaganda_police_academy за ёлку с игрушками🎄🎊🎉.
✨Желаем всем организациям процветания в благородном деле!
💕Спасибо Вам за радость подаренную детям!
🎄Поздравляем с наступающим Новым 2025 годом!!!🎉🎊🎉🎊

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ресми сайты

Қарағанды облысының білім басқармасы

Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

Түзету Педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

«№3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ